«Жемқорлыққа» жол жоқ» тақырыбында оқыту семинарын өткізді

23.09.2024

«КӨКШЕ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамында 2024 жылдың 23 қыркүйегінде «КӨКШЕ» СПК» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-мен бірлесіп, «Жемқорлыққа» жол жоқ» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Сабақ мемлекеттік тілде жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ұғымдары мен терминдері түсіндіріліп, талқыланды.

Сонымен қатар, тақырыптық әлеуметтік бейнеролик көрсетілді, оны көргеннен кейін семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тәрбие негіздерін, адалдық және «сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» идеологиясын насихаттады, сондай-ақ мемлекеттік тілде практикалық және мәтіндік тапсырмалар орындады.