«Кең дала 2» бағдарламасы Қазақстан Республикасында іске асырылады және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген кредиттеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама аясында қарастырылған:

  • агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі — АӨК субъектілері, түпкілікті қарыз алушылар) 2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыру мақсатында кредиттеу (күздік дақылдарды қоспағанда);
  • қайта өңдеу кәсіпорындарын айналым қаражатын толықтыру үшін кредиттеу, кейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін — АӨК субъектілерін қаржыландыру мақсатында өсімдік шаруашылығы өнімдерін алдын ала сатып алу арқылы аванс беру (күздік дақылдарды қоспағанда).

Кепілдік

Қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту мақсатында
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кепілдік береді.

Кепілдік мөлшері — кредит сомасының 85 %-ына дейін, егер кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда.

«Даму» кепілдігімен кредиттің ең жоғары сомасы:
1 500 000 000 теңгеге дейін.

Қамтамасыз ету

Қарыз бойынша қамтамасыз ету келесі тәртіпте қарастырылады:

  • кредит сомасының кемінде 15 %-ы «KOKSHE» ӘКК» АҚ талаптарына сәйкес кепілдік қамтамасыз ету;
  • немесе 100 % мүліктік кепіл.

Бағдарламаның негізгі шарттары

  • сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 5 %;
  • қарыз мерзімі — 2027 жылғы 1 ақпанға дейін.

Өтеу кестесі

Негізгі қарыз бойынша:

  • 50 % — 2026 жылғы 10 қарашаға дейін;
  • 50 % — 2027 жылғы 1 ақпанға дейін.

Сыйақы бойынша:

  • 50 % — 2026 жылғы 10 қарашаға дейін;
  • 50 % — 2027 жылғы 1 ақпанға дейін.

Қарыз алушыларға қойылатын талаптар

  • салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • егіс алқаптарының болуы (меншікте немесе жалға алынған);
  • соңғы 24 ай ішінде кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
  • проблемалық қарыз алушы мәртебесінің болмауы.

Қосымша ақпарат алу үшін телефон: 8 (7162) 91-16-24