18.07.2024

Директорлар кеңесінің шешімімен Серікбай Құсайынов «КӨКШЕ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны «КӨКШЕ» ӘКК» АҚ ұжымына бүгін, 2024 жылғы 18 шілдеде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов ресми түрде таныстырды. Ернар Жаркешов Серікбай Құсайыновтың басшылығымен «КӨКШЕ» ӘКК» АҚ алдағы уақытта да тиімді дамып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Құсайынов Серікбай Шәмшиұлы 1965 жылы Көкшетау облысы, Уәлиханов ауданы, Қызылту ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Прокуратурада, ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, мемлекеттік кірістер органдарында қызмет етті. 2021 жылы Серікбай Құсайынов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқармасы басшысының орынбасары, одан кейін Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. 2022-2024 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы.

Серікбай Шәмшиұлы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның тиімділігін одан әрі арттыру және жаңа жобаларды жүзеге асыру, әріптестік қарым-қатынастарды дамыту, оның ішінде өңірге инвестиция тарту жұмысының негізгі басымдықтары болатынын баса айтты.

«КӨКШЕ» СПК» АҚ облыстағы жобаларды жүзеге асырумен және кәсіпкерлікті дамытумен айналысатын, бизнес-бастамаларды қолдайтын және мемлекет пен бизнестің әріптестік қағидаттары негізінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін негізгі ұйым болып табылады.