«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен білім беру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және «сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік»

24.06.2024

2024 жылғы 24 маусымда «КОКЅНЕ» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен білім беру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және «сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында кеңес өткізілді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен білім берудің негіздері парасаттылық идеологиясын ілгерілету және «сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басты стратегиялық құжат – «Алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында» қаланды.

Кеңеске қатысушылар «Алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиялық құжатта белгіленген құндылықтар мен негіздерді зерделеді.