«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «KOKSHE» АҚ Жүсіпов Ертемір Ерболовичтің активтерді басқару департаментінің директоры лауазымына тағайындалғанын хабарлайды.
Ертемір Ерболович 1987 жылғы 24 шілдеде дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Оның Ақмола облысының банк саласында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары ірі қаржы институттарында басшылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда, «Еуразиялық Банк» АҚ-да бөлшек бизнес бойынша директордың орынбасары, «Jusan Bank» АҚ-да бизнес-тренер және HR, «ForteBank» АҚ мен «АТФБанк» АҚ-да бөлшек бизнес бойынша директордың орынбасары, басқармалар мен банктік қызмет көрсету орталықтарының басшысы қызметтерін атқарған.
Ертемір Ерболович сату процесін басқару, клиенттерге қызмет көрсету, персоналды оқыту және дамыту бағыттарында мол тәжірибеге ие. Сондай-ақ көшбасшылық, коммуникация, тайм-менеджмент, тиімді сату және кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл салалары бойынша бірқатар сертификаттарға ие.
Еңбек жолында Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы әкімдерінің, банк басшылығының алғыс хаттары және грамоталарымен марапатталған. Ол филиалдардың дамуына қосқан үлесі, жоғары сату көрсеткіштері және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбегі үшін бірнеше рет атап өтілген.
Жаңа қызметінде Ертемір Ерболович «KOKSHE» ӘКК» АҚ активтерін тиімді басқаруға, олардың табыстылығы мен өтімділігін арттыруға жауапты болады. Бұл корпорацияның Ақмола облысы экономикасын дамытуға бағытталған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне елеулі үлес қосады.
«KOKSHE» ӘКК» АҚ ұжымы Ертемір Ерболовичті тағайындалуымен құттықтап, өңір игілігі жолындағы қызметіне табыс тілейді.
