Ақмола облысы әкімінің орынбасары «KOKSHE» ӘКК» АҚ кеңсесіне келді

15.08.2024

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан «KOKSHE» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ кеңсесіне келді.
Сапар барысында Мұрат Балпан ұжыммен «KOKSHE» ӘКК» АҚ жүзеге асырып жатқан жобаларды талқылады. Басты назар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағытталған «Кең Дала 2» бағдарламасына аударылды. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысын және форвардтық сатып алу тетігі арқылы кәсіпорындарды қаржыландыруды талқылады.
Жергілікті атқарушы органдарда үлкен тәжірибесі бар Мұрат Сағатұлы ӘКК қызметі туралы хабардар және ол кәсіпкерлерді қандай мәселелер толғандыратынын жақсы біледі.
«Біз «KOKSHE» ӘКК» АҚ Ақмола облысының дамуына қосқан елеулі үлесін көріп отырмыз. Кәсіпкерлік жобаларды іске асыру бойынша күш-жігеріңіз тұрақты экономиканы құруда және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады», – деді Мұрат Балпан.