Республиканың 20 миллионыншы тұрғынының дүниеге келуіне арналған жәрмеңке Көкшетауда өтті

18.11.2023

Облыс орталығында Біржан сал, Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарының, Көкшетау қаласының және «Kokshe» ӘКК ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.      

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жәрмеңкеге қатысты, халықпен әңгімелесіп, тауарларды және бағалар тексерді.  

Облыс аграршыларының сөрелеріне 82,0 млн. теңге сомасына 81 тонна өнім ұсынылды. Тауарлар ассортиментінде қала тұрғындары үшін төмендетілген бағамен қажет нәрсенің бәрі бар - 28 тонна ет және шұжық өнімдері, 0,5 тонна жаңа балық, 250 мың дана жұмыртқа, шамамен 6,5 тонна сүт және сүт өнімдері, 8,5 тоннадан астам ұн, 12 тоннадан астам картоп, шамамен 3 тонна көкөніс және басқа да өнімдер. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен. Мысалы, сиыр еті 2300 теңгеден, жұмыртқа – 45-47 теңгеден сатылды. Ауыр сөмкелерді еріктілер көліктер мен аялдамаларға жеткізуге көмектесті. 

Көкшетау қаласының тұрғыны Әсия Сейсембаева жәрмеңкеге тұрақты келуші болып табылады. Бүгін мен ет, сүт өнімдерін сатып алдым, бағалар қуанты, сонымен қатар жаңа жылдық дастарханға қаз сатып алдым. Біздің еріктілерге өте ризамын, сөмкелерді жеткізуге көмектесті«, - деді ол.       

Сондай - ақ, іс-шарада тұрғындарды еліміздің 20 миллионыншы тұрғынының дүниеге келуімен құттықтады.  »Біздің облыста дүниеге келгені қуантады, жаңа туған нәрестенің ата - анасын осындай қуанышты жаңалықпен шын жүректен құттықтаймын«, - деп бөлісті Самат Бекмағамбетов.  Айта кетейік, еліміздің 20 миллион тұрғыны Бурабай ауданында дүниеге келген.