Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілердің назарына!

21.01.2026

«KOKSHE» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде қарыз беру бойынша өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырады.
Қаржыландыру ӘМАТ өндірушілеріне, өңдеуші кәсіпорындарға, белгіленген баға бойынша тауарларды жеткізу мақсатында ӘМАТ дистрибьюторларына, сондай-ақ «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде сауда желілері мен сауда объектілеріне тікелей ұсынылады.
Қаржыландыру Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енгізілген тауарларға жүзеге асырылады.
Өтінімдер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) қабылданады.
Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7162) 911-617, 8 7014558527.