Шалқар ауылында кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша наубайхана ашты

26.02.2024

«Ауыл аманаты» жобасы Шалқар ауылының тұрғыны Чокаева Әмина Сағатқызының арманын жүзеге асырды.
Жеке кәсіпкер «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтінім беріп, 5 млн. теңге көлемінде жеңілдікті несие алды.
Осы қаражатқа кәсіпкер Шалқар ауылында бір адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, наубайхананы жабдықтап, іске қосты. Отандық кондитерлік өнімдердің дәмін бағалайтын жерлестері мен ауыл тұрғындары қолдады.
«2023 жылы ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 30 кәсіпкерге 2,5% жеңілдікті несиемен жалпы сомасы 171,3 млн.теңгеге берілді. Әрбір жоба үшін несиенің орташа мөлшері 5,7 млн. теңгені құрады«, - деп атап өтті Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Дулатов.
Мемлекет басшысы бекіткен «Ауыл аманаты» бағдарламасының мақсаты ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту болып табылады. Бағдарлама бірегей, ол бойынша ауыл тұрғындарына 2,5% - бен 8 млн теңгеден астам несие беріледі. Целиноград ауданының жоғары ауылшаруашылық әлеуетін ескере отырып, оны одан әрі дамытудың жақсы перспективалары бар.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» ауылдағы өмір сүру деңгейіне басымдық берілді.