Көкшетауда Айдабыл ет комбинатынан тікелей жеткізілетін ет және шұжық өнімдерінің фирмалық бөлімі ашылды

06.02.2026

«KOKSHE» ӘКК» АҚ «МБ4» ЖШС-мен (Айдабыл ет комбинаты) бірлесіп, Көкшетау қаласының орталық базарындағы «Kokshe Market» павильонында ет өнімдерін сататын жаңа бөлім ашты.

Бөлімде қала тұрғындары мен қонақтары сиыр етін (төс-жауырын бөлігі) келісіне 2850–2900 теңге көлеміндегі тіркелген бағамен сатып ала алады. Бұл бөлік мемлекет баға реттеуін жүзеге асыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіреді.

Бөлімнің ашылуы Айдабыл ет комбинаты мен «KOKSHE» ӘКК» АҚ-ның Ақмола облысының тұрақтандыру қорының айналым тетігі аясындағы тиімді ынтымақтастығының нәтижесі болды. Өндірушіден тікелей жеткізілімдердің арқасында өнімдер сауда үстемақысынсыз және делдалсыз сатылып, нарықтағы құбылмалылық жағдайында да бағаны қолжетімді деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Неліктен баға нарықтан төмен? Айналым тетігі тұрақтандыру қоры қаражаты есебінен өндірушіні шикізат сатып алу мен өндірісті ұйымдастыру үшін алдын ала қаржыландыруды көздейді, ал кейін өнім алдын ала келісілген әлеуметтік бағамен өткізіледі. Тетіктің толық түсіндірмесі «KOKSHE» ӘКК» АҚ-ның ресми бейнеролигінде ұсынылған.

Сапа бақылауда. Айдабыл ет комбинатының барлық өнімі шикізатты қабылдаудан бастап қаптау мен сатуға дейінгі барлық кезеңдерде көпсатылы сапа бақылауынан өтеді. Тұтынушылар сенімі Ақмола облысындағы балабақшаларға, мектептерге және басқа да әлеуметтік мекемелерге ет жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімшарттармен расталған.

Жаңа бөлім – «KOKSHE» ӘКК» АҚ-ның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, өңір тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы өніммен қамтамасыз ету және ет кластерін дамыту жөніндегі міндеттерін іске асырудағы кезекті қадам.

Мекенжайы: Есенберлин көшесі, 3 («Kokshe Market» павильоны, орталық базар, Көкшетау)
Жұмыс уақыты: күн сайын 9:00-ден 18:00-ге дейін (нақты ақпаратты сауда орнынан білуге болады). Дүйсенбі – демалыс күні.