2024 жылғы 26 наурызда Астанада «Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы екінші экспорттаушылардың форумы өтеді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» АҚ ұйымдастырады.
Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік ұйымдарының, іскер топтарының өкілдері қатысады.
Форум Қытаймен сауданы дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң болады. Басым тауарлардың экспортына, логистикаға, сертификаттауға, сондай-ақ Қытай тарапымен бірлескен өзара тиімді жобаларды жоспарлауға ерекше назар аударылатын болады. Форумға Қытайдан 120-дан астам ұйымның өкілдері шақырылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда өңделген өнімді 740 белсенді экспорттаушы бар. Оның 80%-ға жуығы шағын және орта бизнес өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы экспорттаушылардың алғашқы форумы Қазақстанның экспортқа бағдарланған 70-ке жуық компаниясын жинады. Іс-шара аясында өз өнімдерін сыртқы нарықтарға белсенді түрде ілгерілететін отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті.
Форумға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркеуден өтіңіз: https://docs.google.com/forms/d/1A9HnhNBMc89J9RxD8ZCngMzltyB7AThewzTPoMqMCsc/viewform?edit_requested=true