Ақмола облысында 2023 жылы «Ауыл Аманаты» жобасы аясында Несие комитетінің қарауымен екі жүзге жуық ауыл тұрғыны жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге несие алды.
Бір өтініш берушіге несиенің орташа мөлшері шамамен 6 млн теңгені құрады. Ұйғарылған жобалардың едәуір бөлігі мал шаруашылығына тиесілі. Сондай-ақ, кәсіпкер азаматтар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарды сатып алу және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша шағын цехтар ашу және т.б. жобаларды ұсынды. Ауыл тұрғындарының бизнес-стратегиялары жаңа жұмыс орындарын құруды да көздейді.
«Ауыл Аманаты» жобасы ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында іске асырылуда. «KOKSHE» ӘКК» АҚ сенім білдірілген агент ретінде кооперациялар құру мысалдарын келтіреді. Мал шаруашылығы саласындағы жобаны бірлесіп іске асыру үшін бірнеше ауыл тұрғындары Ерейментау ауданында бірікті. Бұланды ауданында да осындай біріккендер бар.
Ақкөл ауданының тұрғыны Эрика Тасмұхамбетова несиелендірудің арқасында («Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша жылдық 2,5%) 14 жылқы сатып алуды рәсімдеді. Қыс мезгіліне жақын ол соғым сатып, айналым қаражатын толықтыра алады.
«Бұл оңай жұмыс емес, бірақ біздің отбасымыздың жылқы өсіруде тәжірибеміз бар болғандықтан, мен солай шештім. Күзге дейін жылқылар жайылымда жайылады (ал олар барлығы білетіндей, жеткіліксіз), содан кейін оларды жемдеп, кейін ет сату керек. Бұның өзіндік тәуекелдері де бар, егер чиптері болмаса, табын ұрлануы немесе жоғалуы мүмкін. Бірақ біз мемлекеттің тиімді шарттарымен несие алуға мүмкіндік беретініне қуаныштымыз», - деп атап өтті Эрика Тасмұхамбетова.
Бағдарламаға қатысушылардың тағы бірі – Бурабай ауданынан келген «Сыроварни Соколовыхтың» негізін қалаушысы – Руслан Соколов. Оның ірімшігі Қазақстаннан тыс жерлерде де белгілі, сондықтан істі дамыту үшін қосымша қаражат қажет болғаны таңқаларлық емес. («Сыроварни Соколовых» сүтті өңдеудің әлемдік аренасында танымал болды, Францияда 140 қатысушы ел арасында өзінің ірімшіктері үшін екі қола медальға ие болды).
«Ауыл Аманаты» жобасы бойынша несиелендірудің арқасында, біз жабдықты жаңарта алдық, осылайша тиімділікті арттырып, өнімділікті екі есеге ұлғайттық! Енді біз бір ауысымда 500 л сүтті емес, 1000 л-ден астам сүтті өңдей аламыз, осылайша түпкілікті өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, оның қазақстандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондай-ақ біздің ауылдан тағы екі адамды жұмыспен қамтамасыз ете алдық. Бағдарламаның арқасында, біз енді Қатаркөл ауылында агротуризмді дамытуға арналған алаңдар мен жалпы инфрақұрылымды ұлғайту мәселесін қарастыра аламыз«, - деп атап өтті Руслан Соколов.
Биыл Қазақстанда «Ауыл Аманаты» жобасына мемлекеттік бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді.