ЭКСПО «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесіне қатысу үшін қазақстандық тауар өндірушілерді іріктеу басталды

26.04.2024

«QazTrade» АҚ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 26-30 маусымда Үрімжі қаласында өтетін «Қытай-Еуразия» ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысу үшін шикізаттық емес өнімдерді өндіретін қазақстандық өндірушілерді іріктеу басталғанын хабарлайды.

Іс-шараның негізгі мақсаты тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеует бар қытайлық импорттаушылар, трейдерлер мен дистрибьютерлер арасындағы сауда қатынастарын жандандыру болып табылады.

Үміткерлерді іріктеу мынадай талаптарға сәйкес келетін компаниялар арасында жүргізіледі:

- компания Қазақстан аумағында кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелуге тиіс;

-  компания өндіретін өнім немесе қызмет қытай нарығында сұранысқа ие болуы тиіс;

- өнімнің немесе қызметтердің сапасы ҚР қауіпсіздік стандарттарының талаптарына және халықаралық стандарттарға міндетті түрде сәйкес келуі қажет;

-  кәсіпорында қолданыстағы заңнамаға сәйкес салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша берешектің болмауы;

- компанияның ресми сайтының немесе әлеуметтік желілерде сапалы контенті бар парақтың болуы;

- қытай тілінде презентациялар мен каталогтардың болу;

- ҚХР Бас кеден басқармасы жүйесінде немесе CIFER жүйесінде аккредиттеудің болуы;

- өнімнің экспорттық әлеуеті болуы және қытай нарығында сұранысқа ие болуы тиіс.

Қазақстандық компаниялардың QazTrade көрмесіне қатысуы шеңберінде мынадай шығыстарды жабады:

✓ ауданы 260 шаршы метр көрме стендін жалға алу

✓ қазақстандық қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан аспайтын және көрмені өткізудің ресми мерзімінде ғана);

✓ қатысушылардың Үрімжіге жол жүруі/авиа ұшуы (кәсіпорыннан бір адамнан аспайтын және көрмені өткізудің ресми мерзімінде ғана);

✓ b2b кездесулері шеңберінде Қытайдағы қазақстандық қатысушылар мен аудармашылардың трансфер.

Мүдделі болған жағдайда келесі сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет: https://forms.gle/JPFidh4PxZVi7LA37

Байланыс жасайтын тұлға: Кашаева Жұлдыз, электрондық пошта: zh.kashayeva@qaztrade.org.kz, жұмыс телефоны: 8 (7172) 76-85-20 (ішкі нөмер 164).

Тіркеу 2024 жылдың 3 мамырында сағат 10:00-де жабылады.

Ағымдағы жылы аталған көрмеге 35 қазақстандық компанияның қатысуын қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Қытай-Еуразия» ЭКСПО-да өткен жеті сессияда 40 қытайлық және шетелдік көшбасшылар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ 1100-ден астам қытайлық және шетелдік министрлік деңгейіндегі құрметті қонақтар, 70 ел мен өңірлерден 12200-ден астам кәсіпорын қатысты және жалпы алғанда 60-тан астам жоғары деңгейдегі форумдар мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 30 қазақстандық компания Үрімжідегі ЭКСПО алаңында өз өнімдерін ұсынды. Кәсіпорындар көрмеге келушілерге кондитерлік және макарон өнімдерін, джем мен мармеладтарды, бал, сусындар, тоқыма, әшекейлер және басқа да тауарларды ұсынды. Қазақстандық балмұздақ ерекше танымал болды. Қазақстан ЭКСПО-ға «құрметті қонақ» мәртебесінде шақырылып, біздің ұлттық стендіміз қатысушы мемлекеттердің ішіндегі ең үздік деп танылды.