20.12.2024

2024 жылғы 20 желтоқсанда «KOKSHE »Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамында корпоративтік хатшы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс омбудсмен Сәбитов Мұрат Әкімтайұлы қауіпсіздік қызметкері Ташенов Мұрат Серкбайұлымен бірлесіп »Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар»тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында әкімшілік жаза туралы заңнаманың міндеттері мен қағидаттары және 2014 жылғы 5 тамыздағы ҚР ӘҚБтК көзделген сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандағы жауапкершілік туралы түсіндірілді.