Бұл ескі үй Көкшетау қаласының картасынан жойылады. Бірақ бұл үшін әрбір меншік иесінің келісімі қажет!
Жуырда Көкшетау қаласында Әуезов көшесіндегі №274 үйдің тұрғындарымен кездесу өтті. Бұл үй тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасына енгізілген. Бағдарлама қаланың осы бөлігінің көркін жақсартып қана қоймай, ең бастысы — тұрғындардың өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жақсартады.
Жобаны іске асыру үшін барлық кезеңдерден ережеге сәйкес өту қажет:
???? Бірінші қадам — тұрғындардың реновация бағдарламасына қатысуға келісім берген қолдарын жинау.
???? Одан кейін жылжымайтын мүлікті бағалау жүргізіліп, сатып алу-сату шарттары жасалады, құжаттар мен жер телімінің рәсімделуі жүзеге асырылады.
???? Кейін инвесторлар арасында конкурс жарияланып, мердігер анықталған соң жаңа үйдің құрылысы басталады. Құрылыс аяқталғаннан кейін ең маңызды сәт — тұрғындарды жаңа пәтерлеріне қоныстандыру жүзеге асырылады.
Реновация — бұл дерлік зергерлік жұмыс. Себебі сөз жүздеген, кейде мыңдаған пәтер иелері туралы болып отыр. Бірі жаңа үйде қалғысы келсе, енді бірі басқа жаққа көшуді қалайды. Сонымен қатар, көршілес үйлердің тұрғындарымен де ортақ келісімге келу аса маңызды. Себебі жер телімінің жеткілікті көлемі болмаса, құрылыс жүргізу мүмкін емес.
«KOKSHE» ӘКК» АҚ және оның еншілес компаниясы «KOKSHETAU ENGINEERING» тұрғындармен ауқымды әрі маңызды жұмыс жүргізіп келеді — бағдарламадағы әрбір қадамды түсіндіреді, ережелерді дұрыс ұғынуға көмектеседі және әр отбасы үшін оңтайлы шешім табуға қолдау көрсетеді.
Үйлердің иелеріне сәттілік пен келісім тілейміз! Жоба сәтті жүзеге асып, жаңа пәтерлер шын мәнінде өмір сапасының жақсаруының, болашаққа бастар нағыз кілті болсын!
Реновация — болашақтың кілті