Бұл тапсырманы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте берді.
Сонымен қатар қолжетімді бағадағы көкөністермен барынша қамту үшін өңірлерде жәрмеңкелер басталады. Осы ретте, сәуір айының екінші жартысынан бастап ерте импортық көкөністерді тұтыну басталатынын назарға ала отырып, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы оларды Өзбекстан мен Тәжікстаннан импорттау бойынша жұмыс жүргізетін болады. Атап айтқанда, қазақстандықтардың ерте көкөністерге қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ұсынылған көлем: картоп – 8,2 мың тонна (сәуір-маусым), пияз – 5 мың тонна, (мамыр-маусым).
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, «QazTrade» картоп пен пиязды ішкі нарыққа жеткізу мүмкіндіктерін пысықтады, жеткізу схемасы әзірленді, оның ішінде шекаралық өтулерді қосқанда, бірқатар логистикалық мәселелер ескерілген.
Бұдан бөлек, кеңесте қанттың ең төменгі көтерме бағасын белгілеу мүмкіндігі талқыланды. Серік Жұманғарин осы мәселеге қатысты түрлі пікірлерді ескере отырып, бірлескен шешім әзірлеу үшін салалық қауымдастықтар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп министрліктері және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен кеңес өткізуді тапсырды.
Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі өңірлік комиссиялардың қызметі туралы баяндады. Жыл басынан бері өңірлерде 74 комиссия отырысы өткізіліп, шекті тауар бағасынан асып кетудің 67 фактісі анықталған. Олардың басым бөлігі Павлодар, Түркістан облыстарында, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында тіркелді.
Жалпы жыл басынан бері әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасының өсу динамикасы 0,2%-ды құрады. Өткен аптаның қорытындысы бойынша баға индексінің көрсеткіші тұрақты.