Президент «тауар несиесін» енгізу мәселесін қарауды тапсырды.

02.09.2024

 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласына жаңа құрал енгізу мәселесін қарауды тапсырды.

«Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет.

Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды», - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.