«KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №А-8/380 қаулысымен бекітілген Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды ұстап тұру тетіктерін іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар беру бойынша өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.
Қарыз беру қарыз шартын жасасу арқылы қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады, айналым қаражатын толықтыруға арналған сыйақы мөлшерлемесі 12 айға дейінгі мерзімге жылдық 0,1% - ды құрайды.
Бағаны тұрақтандыру әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тіркелген төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Өтінімдерді қабылдау Көкшетау қаласы, Е.Әуелбеков көшесі 32, 3-қабат мекенжайы бойынша қолма-қол жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қабылдау уақыты 2023 жылғы 13 наурызға дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін).
Қосымша ақпаратты ӘКК www.spkkokshe.kz сайтынан немесе 72-34-87, 72-13-57, 72-13 52 телефондары арқылы алуға болады.