«KOKSHE» ӘКК» АҚ-ның Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік инвестициялық жобаларды бағалау орталығының директоры тағайындалды

18.02.2026

Такамбаев Мұратбек Шамилович «KOKSHE» ӘКК» АҚ-ның Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік инвестициялық жобаларды бағалау орталығының директоры болып тағайындалды.

Ақмола облысы әкімінің келісімімен «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «KOKSHE» АҚ Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік инвестициялық жобаларды бағалау орталығының директоры лауазымына Такамбаев Мұратбек Шамилович тағайындалды.

Мұратбек Шамилович — тәжірибелі басшы. Еңбек жолын 1985 жылы бастаған. Әр жылдары Ақмола облысының мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар жауапты қызметтер атқарған: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген, Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарған, 2012–2015 жылдары Степногорск қаласының әкімі болған, 2015 жылы Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Экономика, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік басқару және ірі жобаларды іске асыру салаларында терең білімі бар.

Жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік инвестициялық жобаларды бағалау орталығының негізгі бағыттары:

  • «KOKSHE» ӘКК» АҚ даму стратегияларын әзірлеу және іске асыру;

  • корпорация қызметін стратегиялық жоспарлау және экономикалық талдау;

  • Ақмола облысындағы мемлекеттік инвестициялық жобалардың орындалуын мониторингтеу, талдау және олардың тиімділігін бағалау.

Тәжірибелі басқарушының тағайындалуы «KOKSHE» ӘКК» АҚ-ның өңірдің стратегиялық дамуы, мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалану және Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық өсім мақсаттарына қол жеткізу бағытындағы сараптамалық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

«KOKSHE» ӘКК» АҚ ұжымы Мұратбек Шамиловичті тағайындалуымен құттықтап, өңір игілігі жолындағы жаңа жауапты қызметіне табыс тілейді.