Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің отырысы аясында шетелдік әріптестермен және бірқатар делегациялармен екіжақты кездесулер өткізді.
ТМҰ Бас хатшысымен кездесуде Айдарбек Сапаров ұйымның құрамына кіретін елдермен өзара сауданы дамыту бойынша проблемалық мәселелерді жедел шешудің маңыздылығына назар аударды. Министрдің пікірінше, бұған ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары деңгейінде жұмыс тобын құру ықпал ететін болады.
Түрік делегациясымен Айдарбек Сапаров қазақстандық өндірістің ет өнімдерін жеткізу, сондай-ақ ветеринария және фитосанитария саласындағы ТМҰ елдерінің стандарттарын сәйкестендіру туралы әңгімелесті. Қазақстандық тарап түрік нарығына қол жеткізу бойынша шешімдерге өз нұсқаларын әзірлейді. Бұдан әрі Айдарбек Сапаров түркиялық әріптестерімен ZOOM арқылы кеңес өткізеді. Содан соң қазақстандық делегация Анкараға сапармен барады.
Өзбекстан министрімен Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы Ташкентке жасаған сапары барысында қол қойылған жол картасы тармақтарыныңорындалуын талқылады. Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын бірлесіп өсіру жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті. Министр республика аумағында астықты терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыруды ниетті екенін жеткізді. Өзбек тарапы шекаралас облыстарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің еркін саудасы бойынша »Жасыл сауда аймағын« құрутуралы ұсыныс жасады.
Қырғызстаннан келген делегациямен кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын арттыру мәселелері талқыланды. Айдарбек Сапаров »Азық-түлік корпорациясы« мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақстандық астық пен ұнды жеткізуді жүзеге асыру туралы ұсыныс жасады. Қазақстандық тарап сонымен қатар азық-түлік тауарларының бірқатар түрлерін импорттауға қызығушылық білдірді.
Әзірбайжанның ауыл шаруашылығы министрімен келіссөздер барысында Айдарбек Сапаров әріптесіне қазақстандық астық пен ұнды жеткізудің оңтайлы бағыттарын ойластыруды ұсынды. Әзірбайжан тарапы суару жүйелері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті екенін білдірді. Әзірбайжан АШМ басшысы жақын арада қазақстандық заңнаманы зерделеу және өңірлердегі жұмыстарды танысу үшін мамандардың жұмыс тобын жібермек. Егжей-тегжейлі зерделеу үшін екі ел де мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асатын болады .