«Есіл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №A-8/380 қаулысымен бекітілген Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру ережелеріне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру тетіктерін іске асыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне несие алуға өтініштер қабылдау туралы хабарлайды.
Несие шартты жасасу арқылы өтеу, кепілдік және төлем шарттарымен беріледі.
Бағаның тұрақтандырылуы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек сауда/көтерме бағаларды белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Ақмола облысы әкімдігінің комиссиясы несие беру үшін кәсіпкерлік субъектіге осы ережелерде белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемдерге) сәйкестігін анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектісі келесі талаптарға сәйкес келуі керек:
1) өтініш берген күні тиісті салық органының анықтамасымен расталған салық берешегінің және басқа да міндетті төлемдердің болмауы;
2) екінші деңгейдегі банктермен берілген қарыздар бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы, (шоттың бұғатталуы);
3) көрсетілген талаптардың кем дегенде біреуіне сәйкестігі:
- Ақмола облысының аумағында сауда-логистикалық инфрақұрылымның және/немесе сақтау қоймаларының немесе тамақ өнімдерін тиісті түрде сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды жүргізуге арналған арнайы жабдықтары бар басқа үй-жайлардың болуы;
- Ақмола облысындағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын көтерме немесе бөлшек саудада (бөлшек сауда желілері) сауда кәсіпорнында комиссия белгілеген тізімге сәйкес сату;
- Комиссия анықтаған тізімге сәйкес Ақмола облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін өндіруді жүзеге асыру.
Өтніштерді қабылдау қолға табыстау арқылы мына мекенжай бойынша: Көкшетау қ., Әуелбеков к-сі, 32, 3-қабат, 7-кабинет.
Өтініштерді қабылдау уақыты: 25 тамыз 2020 жыл, жұмыс уақыты сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін (үзіліс сағ13:00-ден-14.30-ға дейін).
Несие алу туралы өтініште мыналарды көрсету қажет: несие сомасы, көлемі бойынша есептеулер, тауарлар мен тіркелген сату бағалары туралы ақпарат, өнімді сату нүктелері, өнімді сату мерзімі, несиені өтеу мерзімі, несиені қамтамасыз ету түрі.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат пен құжаттама сұралуы мүмкін.
Несие беру туралы түпкілікті шешімді (мөлшері, мерзімі және сыйақы мөлшерлемесі) комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін қабылдайды.
