«Ен-Дала» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақмола облысының Целиноград ауданында қуаты 1000 бас сүт-тауар фермасын құру бойынша жобаны іске асыруда.

23.11.2023

«Ен-Дала» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақмола облысының Целиноград ауданында қуаты 1000 бас сүт-тауар фермасын құру бойынша жобаны іске асыруда.

Бұл инвестициялық жоба агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі үлкен жобаны іске асыру шеңберінде кредиттелген.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 31 тамызда АӨК саласындағы жобаларға кредит беру Ережелері қабылданды. Олар кәсіпкерлерге сенім білдірілген агенттер арқылы 2,5% жеңілдік мөлшерлемесімен 10 жылға дейін несие беруге мүмкіндік береді. Қарыздың ең жоғары сомасы-5 млрд теңгеге дейін.

Жоба еліміздің басқа өңірлерінде сүт-тауар фермаларын салу бойынша Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесін таратуға бағытталған.

Ақмола өңірі – бағдарламаны алғашқылардың бірі болып басталды.