«KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

13.05.2024

«KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ   сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

«KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы 1-30 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жауапты тұлғасы Тәшенов Мұратбек Серікбайұлы келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: +7 (7162) 72-13-63 (қабылдау бөлмесі).